Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменге «Қайрат» футбол құрамасы келеді

Наурызда Қазақстан премьер-лигасының(ҚПЛ) футбол маусымы басталады. Алғашқы турда Өскеменнің «Алтай» командасы өз алаңында ел чемпионы «Қайратпен» кездесу өткізеді.
Футбол федерациясы мен премьер-лига клубтарының өкілдері онлайн жиында алғашқы үш турдың ойын кестесін жасады. Жасанды интеллект арқылы командалар жұптастырылған.
Екінші турда «Алтай» «Елімайға» қонаққа барса, үшінші турда өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдайды.
Бірінші тур ойындарында облыс орталығында ағылшындық «Челси» командасының ойыншысы Дастан Сәтпаев бастаған мықтылар өнер көрсетеді.



