Өскеменде «Shygys Sahna Fest» фестивалі басталды

Кеше Өскеменде бұрын-соңды болмаған «Shygys Sahna Fest» атты I театр фестивалінің ашылуы өтті. Іс-шара облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Фестивальдің салтанатты ашылуы Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры сахнасында өтті. Кеш шымылдығы әйгілі «MAMMA MIA!» қойылымымен түрілді.
—Бұл фестиваль – актерлер мен өнер адамдарының басын қосатын шығармашылық алаң. Біздің басты мақсатымыз жүлде жеңіп алу емес. Негізгі міндет – театрлардың бір-бірімен танысуы, өзара тәжірибе алмасуы, әр ұжымның деңгейін көру және кәсіби байланыстарды нығайту,-деді театр актрисасы Айсұлу Тұрұсбекова.
Айта кетейік, «Shygys Sahna Fest» 23 ақпанға дейін жалғасып, бірнеше күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше қойылымдарын ұсынады.



