Жаңалықтар
Қазақстандықтар наурызда неше күн демалады?

Наурыз айында қазақстандықтар үшін демалыс күндері көп болады.
Бес күндік жұмыс аптасында – 13 күн,
ал алты күндік жұмыс аптасында – 9 күн демалыс қарастырылған.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
Биыл 8 наурыз жексенбіге түседі. Сондықтан демалыс күні 9 наурызға ауыстырылады.
•Бес күндік жұмыс аптасында: 7, 8, 9 наурыз – демалыс.
•Алты күндік жұмыс аптасында: 8 және 9 наурыз – демалыс (7 наурыз – жұмыс күні).
Наурыз мейрамы
Дәстүр бойынша қазақстандықтар 21–23 наурыз аралығында демалады.
Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
•Бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз аралығы – 5 күн демалыс.
•Алты күндік жұмыс аптасында: 21–24 наурыз – 4 күн демалыс.
Сонымен қатар, оқушылардың көктемгі демалысы 19–29 наурыз аралығында өтеді (10 күн).
Осылайша, наурыз айы қазақстандықтар үшін ең көп демалыс күндері бар айлардың бірі болмақ.



