Жаңалықтар

Қазақстан балмұздақ экспорттаушы елге айналды

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 14 167 тонна балмұздақ экспорттаған. Ал импорт көлемі 12 194 тоннаны құрады. Осылайша, ел тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асып отыр.

«2005 жылы Қазақстан небәрі 12 тонна балмұздақ экспорттап, ал импорт көлемі 12 мың тоннадан асқан болатын. Қазір жағдай түбегейлі өзгерді: жеткізу географиясы 10 елге дейін кеңейді, ал экспорт алғаш рет импорттан асты. Бұл қазақстандық өнімнің жоғары бәсекеге қабілеттілігін және саланың жетілгенін білдіреді», — деді Шин-Лайн компаниясының корпоративтік мәселелер жөніндегі вице-президенті Жұлдыз Омарбек.
Вице-президенттің айтуынша, өсімге өндіріс қуаттарын жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және мемлекеттік қолдау шаралары оң әсер еткен. Экспорттық түсім мен орташа экспорт бағасының артуы қазақстандық балмұздақтың сапа мен бренд тұрғысынан бәсекеге түсе бастағанын көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button