Жаңалықтар
ШҚО әкімі Фаина Мейрмановаға пәтер сертификатын табыстады

ХХV Сурдлимпиада ойындарының чемпионы Фаина Мейірмановаға ШҚО әкімі пәтер сертификатын табыстады
Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Фаина Мейірманова өткен жылдың қараша айында Токио қаласында өткен ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Фаина Мейірмановаға спорттағы айтарлықтай жетістіктері үшін үш бөлмелі пәтердің сертификаты мен кілтін табыстады.
—Спортшымыздың жеңісі еліміздің халықаралық беделін нығайтып, қайсарлық пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр,- деп атап өтті аймақ басшысы.
Өз кезегінде Фаина жауапты сәтте толқуға берілмеуге тырысқанын айтты. Пәтер кілті оның еңбегіне берілген лайықты баға.



