Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскемен әкімі халықпен қашан кездеседі?

27 ақпан күні сағат 18:30-да қала әкімі Алмат Ақышов тұрғындармен кезекті кездесу өткізеді.

Кездесу барысында әрбір қала тұрғыны өзін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айта алады.

Сондай-ақ, сағат 17:00-ден бастап арнайы консультациялық топ жұмыс істейді. Мамандар тұрғындарға түрлі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қажетті кеңес береді.

Кездесу Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында(Назарбаев даңғылы, 68) өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button