Жаңалықтар
ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпарата бойынша, 5 желтоқсан облыс аумағында қарлы бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
ТЖД мамандары жолда қашықтық сақтауды және сақ болуды ескертеді! Қарлы бұрқасын кезінде жолға шықпауға кеңес береді!



