Жаңалықтар

ШҚО-да халық саны азайды

Шығыс Қазақстан облысында халық саны 718,9 мың адам болды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 5 022 адамға аз.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департаменті басшысы Ерназ Нұрланов өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы мәлімет берді.

-Былтыр облыста өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 трлн теңгеден асып, республикалық көрсеткіштің 5,4 пайызына тең болған. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 556,4 млрд теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда мал шаруашылығы 23,6 пайызға, өсімдік шаруашылығы 16,6 пайызға өскен,-деді ол.

Сондай-ақ, былтыр орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 458,8 млрд теңгеге жетіп, республика көлемінің 4,3 пайызын құрады.
Одан бөлек, 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, облыс халқының саны 718,9 мың адам болған. Гендерлік құрам бойынша өңірде әйелдер саны басым: 344 мың ер адам және 374 мың әйел тұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button