Жаңалықтар
ШҚО-да көрсеткіштері төмен әкімдерге шара қолданылады

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдерімен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талқылады. Кеңес барысында бірқатар өңірлерде жұмыс қарқынының төмендегені белгілі болды.
Алтай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласының көрсеткіштері төмендеген. Сонымен қатар Өскемен қаласы, Самар және Ұлан аудандарында да бірнеше бағыт бойынша нәтиже көңіл көншітпейді.
Аймақ басшысы аталған өңірлердің әкімдеріне қатаң ескерту жасап, жыл соңына дейін жағдайды түзетуді тапсырды.
Жыл соңында көрсеткіштері ең төмен үш әкімге қатысты тиісті шара қолданамыз. Инвестиция көлемін арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартатын жобаларды қолға алуымыз керек. Сондықтан жұмысты күшейтіңіздер», — деді облыс әкімі.
Кеңесте қала және аудан әкімдері жыл соңына дейін көрсеткіштерді жақсарту үшін атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.



