Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскемен ГЭС-і он жылға жалға берілуі мүмкін

Өскемен гидроэлектр станциясын (ГЭС) 10 жылға жалға беру жоспарланып отыр. Бұл мәселе облыс әкімдігінде өткен жиында талқыланды.

Жоспар бойынша станция «Өскемен титан-магний комбинатын» электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін «UKTMP Green Power» компаниясына берілуі мүмкін. Жалға алу мерзімін кейін ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

Жалға алушы компания инвестициялық міндеттемелерін орындап, станциядағы қазіргі жұмысшыларды сақтап қалуы тиіс.

Қазіргі уақытта станцияны жалға беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button