Жаңалықтар
Кен іздеуге берілген 75 лицензияның күші жойылды. Неге?

Өңірде кен іздеуге берілген 75 лицензияның күші жойылды. Бұған заң талаптарының бұзылуы себеп болған.
Атап айтқанда, кейбір жер қойнауын пайдаланушылар қол қою бонусын төлемеген және өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде орындамаған.
Қазір облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы лицензия иелерінің жұмысын тексеріп, заң талаптарының сақталуын бақылауда.
Бұл шаралар заңбұзушылықтардың алдын алуға, лицензия иелерінің жауапкершілігін арттыруға және өңірдің табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға бағытталған.
Облыста кен іздеу саласындағы бақылау жұмыстары жалғасады.



