Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

30–31 қазан күндері Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді. Екі күн ішінде спорттық жарыстар, қолөнер көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және концерттер ұйымдастырылады.

30 қазанда сағат 09:00-де Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Тарбағатай лигасы» жарысы басталады. Сағат 14:00-де облыстық филармонияда оқушылар мен студенттер арасында сурет байқауы өтеді.

Сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін филармония фойесінде қолөнер бұйымдары, ұлттық тағамдар мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылады. Ал сағат 18:00-де Тарбағатай ауданының өнерпаздары концерт қояды.

31 қазанда сағат 07:00-ден бастап ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Сағат 09:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің спорт залында волейбол жарысы басталады.

Мәдени күндердің қорытынды концерті сағат 14:00-де «Maxi Mall» сауда орталығында өтеді. «Тарбағатай – дәуір үні» атты этностильдегі концертте ауданның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button