Жаңалықтар

Шығыста 2,7 млрд теңгеге төрт спорт нысаны салынады

Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылы 2,7 млрд теңгеге төрт жаңа спорт нысаны бой көтереді. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов мәлімдеді.

Биыл дене шынықтыру және спорт саласына жалпы 17,4 млрд теңге бөлінеді. Қаражаттың негізгі бөлігі – 12,7 млрд теңге – өңірдегі 38 спорт мектебін қаржыландыруға жұмсалмақ. Сонымен қатар кәсіби спортты дамыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 2,5 млрд теңге бағытталады.

– Облыста 2,7 млрд теңгеге төрт спорт нысанын салу жоспарланған. Өскемендегі ипподром құрылысына 500 млн теңге, волейбол орталығына 1 млрд теңге, Риддер қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне 981,9 млн теңге және Зайсан ауданының Сарытерек ауылындағы спорт модуліне 200 млн теңге бөлінеді, – деді Нұрсұлтан Маратов.

Жаңа нысандар өңірде спорт инфрақұрылымын дамытып, тұрғындардың бұқаралық спортқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button