Жаңалықтар

Өскеменде «Желтоқсан алауы» монументіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін шаһарда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының құрметіне арналған еске алу рәсімі өтті. Қала жастары мен оқиға куәгерлері «Желтоқсан алауы» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Рәсім барысында сөз сөйлеген ШҚО «Jeltoqsan-86» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Рамазанов өз естеліктерімен бөлісті. 1986 жылы ол Алматыдағы техникумның соңғы курс студенті болып, жастар көтерілісіне қатысқан. Сол уақытта 20 адамнан тұратын топпен алаңға шыққан ол кейін оқудан шығарылып, ұзақ уақыт жұмысқа тұра алмай қалған.

Куәгердің сөзінен кейін бір минуттық үнсіздік жарияланып, жиналғандар монументке гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, Салауат Байыр, Қайрат Жуанышпаев және Қайрат Майжаровтан тұратын вокалдық трио ән шырқады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button