ЖаңалықтарҚылмыс
Зайсанда заңсыз аң аулаған ер адам ұсталды

Зайсан ауданында заңсыз аң аулау дерегі анықталды. Оқиға Омбы – Майқапшағай тасжолында өткен рейд кезінде белгілі болды.
Полиция қызметкерлері тоқтатқан Audi көлігін тексеру барысында екі аңшылық мылтығы, оқ-дәрілер және жүксалғыштан атылған жабайы қабан табылған.
Анықталғандай, 37 жастағы облыс тұрғыны екі танысымен бірге аңшылыққа шыққан. Оның қолында тек қасқыр аулауға рұқсат болған. Соған қарамастан, ол жабайы қабанды атып алған.
Нәтижесінде қару, оқ-дәрілер және қажетті құжаттар тәркіленді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.



