ЖаңалықтарҚылмыс

Титан ұрлығы: 10 жыл бойы жасырынған күдікті табылды

2015 жылы Өскеменде болған ірі титан ұрлығына қатысты соңғы күдікті қолға түсті.

Полицияның мәліметінше,қаладағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеген қызметкерлер күзетшілермен келісіп, салмағы 9,3 тоннадан асатын, құны 31 миллион теңгеден жоғары титан құймасын кәсіпорын аумағынан ұрлап кеткен. Кейін металлды сатып жіберген.

Тергеу барысында қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығы анықталып, ұрланған мүлік тәркіленген. Алайда бір күдікті жасырынып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

Араға 10 жыл салып, 63 жастағы ер адам Алматы қаласында ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button