Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да бес ауылдық округтің әкімі сайланады

20 қыркүйекте өңірдің төрт ауданында ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді.

Атап айтқанда, Алтай ауданындағы Северный, Катонқарағай ауданындағы Жамбыл және Самар ауданындағы Сарыбел ауылдық округтерінде әкімдер сайланады.

Сонымен қатар Ұлан ауданындағы Аблакет және Саратов ауылдық округтерінде жаңа әкімдер сайланбақ.

Сайлауды өткізу туралы шешімді Алтай, Самар, Катонқарағай және Ұлан аудандарының сайлау комиссиялары қабылдаған.

Осылайша, 20 қыркүйекте облыстағы бес ауылдық округтің тұрғындары өз әкімдерін таңдауға мүмкіндік алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button