ЖаңалықтарҚылмыс
Шемонаихада көлік тонаған ер адам ұсталды

Шемонаиха қаласында көліктен екі телефон ұрлаған 42 жастағы ер адам ұсталды.
Көлік иесі Volkswagen Vento көлігін үйінің жанына қойып, есігін құлыптамай кеткен. Осыны пайдаланған ер адам көліктің ішіне кіріп, екі ұялы телефонды алып кеткен. Келтірілген шығын 120 мың теңге болды.
Полиция қызметкерлері көлікті тексеру кезінде саусақ іздерін тапқан. Іздер арнайы база арқылы тексеріліп, күдіктінің кім екені анықталды.
Ер адам ұрлық жасағанын мойындады. Ол телефондарды полицияға өз еркімен тапсырған. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды.
Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.



