Жаңалықтар

Өскеменде аспалы жол құрылысы кейінге қалдырылды. Неге?

Өскеменде аспалы жол салу кейінге қалдырылды. Оны жүзеге асыратын инвестор әзірге табылмағандықтан, құрылыстың нақты мерзімі белгісіз.

Бұл идея алғаш рет 2024 жылы талқыланған. Жоспар бойынша алғашқы кезеңде Қазақстан тауын Амфитеатрмен байланыстыру жоспарланған еді.

Аспалы жол көлік қатынасын жеңілдетіп, қаладағы туризмді дамытуға бағытталған.

– Жобаның мерзімі әзірге нақтыланбады. Негізгі мәселе – инвестор табу. Себебі құрылысты бюджет қаражаты есебінен іске асыру мүмкін емес. Бюджеттен алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға қаржы бөлінеді, – деді облыстық Туризм және инвестиция басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смит.

Басқа жаңалықтар

Back to top button