Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында алаяқтардан сақ болыңыз

Мереке жақындаған сайын интернет-алаяқтар белсенді бола түседі. Олар қазақстандықтарды «жаңа жылдық құттықтаулар» мен арзан сыйлықтар арқылы алдауда.

Polisia.kz мәліметінше, алаяқтар қауіпті файлдар жіберіп, анимациясы мен музыкасы бар ашықхаттар арқылы вирус таратады. Мұндай файл ашылған жағдайда, зиянды бағдарлама парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізуі мүмкін.

Сондай-ақ олар сыйлықтар мен тауарларды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан ұсынып, ақшаны шұғыл аударуға көндіреді. Төлем жасалғаннан кейін хабарландыру жойылып, сатушымен байланыс үзіледі. Көбіне жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлер пайдаланылады.

Мамандар бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауға, белгісіз сілтемелер мен файлдарды ашпауға және .APK кеңейтімі бар файлдарды бірден жоюға кеңес береді.

Естеріңізге саламыз, қауіпсіздік – кез келген «тиімді ұсыныстан» маңызды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button