Басты жаңалықЖаңалықтар

Алтайдағы автотұрақта өрт шықты

Алтай қаласында кәсіпорын аумағындағы автотұрақтың шатыры өртенді. Өрт сөндірушілер жалынның жақын тұрған көліктерге таралуына жол бермеді.

Оқиға Промышленная көшесінде болған. Төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы хабарлама 112 нөмірі арқылы түскен.

Құтқарушылар өрт сөндіру кезінде екі автобус пен бес жеңіл көлікті қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.

Өрт дер кезінде сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, қаза тапқандар да жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button