Басты жаңалықЖаңалықтар
Өскеменде жол апаты болды

Өскемен қаласындағы айналма жолдардың бірінде жол-көлік оқиғасы болды. Жеңіл автокөлік жол жиегіндегі бағанаға соғылған.
Оқиға Есенберлин даңғылы маңындағы айналма жолда болды. Полицияның мәліметінше, Changan CS55 Plus көлігінің жүргізушісі бұрылу кезінде тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алған. Соның салдарынан көлік тізгінін басқара алмай, бағанаға соғылған.
Аталған жағдайға байланысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.



