Жаңалықтар
Өскеменде ашық аспан астында фестиваль өтеді

Өскеменде 14 қараша күні сағат 12:00-де ашық аспан астында мерекелік фестиваль өтеді. Фестиваль Чехов пен Горький көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.
Мерекелік бағдарламада үш музыкалық алаң жұмыс істейді. Қонақтар көше музыканттарының өнерін тамашалап, би және караоке сайыстарына қатыса алады.
Сондай-ақ келушілер үшін түрлі ойын-сауық алаңдары мен жәрмеңкелер ұйымдастырылады.
Фестиваль қала әкімдігі мен «TAZH Group» компаниясының қолдауымен өтеді.



