ЖаңалықтарСпорт

ШҚО-лық садақшы үш алтын медаль жеңіп алды

Өңір спортшысы Олжас Дюсупов дәстүрлі садақ атудан өткен Әлем чемпионатында үш алтын медаль иеленді.

30 қазан мен 4 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында дәстүрлі садақ атудан әлем біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Қазақстандық спортшылар жарыс қорытындысы бойынша 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

Жерлесіміз Олжас Дюсупов 30, 60 және 90 метр қашықтықта командалық есепте үш рет жеңіс тұғырынан көрініп, алтын медальға қол жеткізді.

Спортшының жаттықтырушысы – Ажар Төлеуханова.

Осылайша, қазақстандық садақшылар халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button