Басты жаңалықЖаңалықтар

Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталады?

Катонқарағай ауданында салынып жатқан жаңа әуежайдың құрылысын 2027 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Қазіргі уақытта еліміздің туристік аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Олар Катонқарағай және Зайсан аудандарында, сондай-ақ Маңғыстау облысындағы Кендірлі ауылында салынып жатыр.

Жобалардың жалпы құны шамамен 226 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде Катонқарағайдағы әуежай құрылысына 89 млрд теңге бөлінген.

Зайсандағы әуежай құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Ал Катонқарағай мен Кендірлідегі әуежайлар да осы жылдың соңына дейін емес, 2027 жылдың басында толық дайын болады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін әуежайларды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттар рәсімделіп, лицензиялар алынуы тиіс. Жоспар бойынша жаңа әуежайлар 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.

Жаңа әуежайлар өңірлердің көлік қатынасын жақсартып, туристердің тарихи және табиғи орындарға жетуіне мүмкіндік береді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button