Басты жаңалықЖаңалықтар

Өскеменде жаңа көпір құрылысы басталды

Өскеменде Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 101 млрд теңгені құрайды. Құрылысты 2029 жылы аяқтау жоспарланған.

Жаңа көпір Серікбаев көшесін кеңейтіп, қала орталығы мен сол жағалауды байланыстырады. Бұл көлік қозғалысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтановтың айтуынша, жобаның 55 млрд теңгесі Инфрақұрылымды дамыту қорынан бөлінген.

Жоба аясында 2 264 метр жол, ұзындығы 834,8 метр негізгі көпір және өзен арқылы өтетін тағы бір көпір салынады. Жол алты жолақты болады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен велосипед жолы да қарастырылған.

Жаңа көпір пайдалануға берілген соң қала орталығы мен сол жағалау арасындағы қатынас жақсарып, көлік кептелісі азаяды деп күтілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button