Жаңалықтар

ШҚО-да қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Ертең облыста қолайсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, таулы аудандарда жауын-шашын күшейеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетіп, кей жерлерде екпіні 24–29 м/с болады.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді. Тұман түскен кезде жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, жолда сақ болу ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button