Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да 56 орман өрті тіркелді

Биыл өңірде 56 орман өрті тіркелді. Олардың жалпы аумағы — 530,6 гектар. Өрт ошақтарының басым бөлігі бастапқы кезеңде сөндірілген. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды.

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсаиновтың айтуынша, өңірдегі орман қорының жалпы ауданы-3 млн гектар. Оның ішінде 1,7 млн гектар аумақ орманмен көмкерілген.

– Барлық өрттер мемлекеттік орман күзетінің, авиациялық және жерүсті патрульдеу күштерінің, мониторинг жүйелерінің көмегімен уақтылы анықталды. Жедел әрекеттің арқасында жалын ошақтарының басым бөлігі бастапқы кезде ауыздықталып, олардың ірі өртке ұласуына жол берілмеді. Ормандарды өрттен қорғау үшін 1200-ге жуық адам, 331 техника және 3 мыңнан астам құрал-саймандар мен жабдықтар бар. Сондай-ақ орманшылар 36 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолданады, – деді ол.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі барлық орман мекемесінде өртті ерте анықтау жүйесін орнату жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтап, жүйелерді пайдалануға беру қажеттігін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button