ЖаңалықтарСпорт

ШҚО боксшылары ел чемпионатынан алты медальмен оралды

Өңірдің жас боксшылары ел чемпионатында алты медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Жарыс 15–22 қараша аралығында Астанада өтті.

Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионатында өңір намысын қорғаған спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Облыс құрамасы жарысты алты жүлдемен аяқтап, үздік команда атанды.

23 қарашада жеңімпаздар мен жүлдегерлер Өскеменге оралды. Әуежайда оларды ата-аналары, жаттықтырушылары, спортшылар мен жанкүйерлер күтіп алды.

Жиналған қауым жас боксшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бокс – Шығыс Қазақстандағы басым спорт бағыттарының бірі. Өңірде жас спортшыларды даярлау, олардың шеберлігін шыңдау және спорт резервін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button