Жаңалықтар

Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден өтті

Қазақ киносы мен театр өнерінің аңызы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өтті.

Қаралы хабарды «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны растады.

Асанәлі Әшімұлы – қазақ сахнасы мен кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол актер ғана емес, режиссер, театр педагогы, ұлттық өнердің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол өнер жолында адалдықты, сахна тазалығын, ұлт рухын биік ұстауды өмірлік ұстанымына айналдырды.

-Бұл – бір адамның ғана емес, тұтас бір дәуірдің қоштасуы. Ол өнерге адалдықтың, сахнаға тазалықпен қызмет етудің, ұлт рухын қорғаудың үлгісін көрсетті, — делінген басылым таратқан ақпаратта.

Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі мен мол мұрасы қазақ өнерінің тарихында мәңгі сақталады.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.
Жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button