Жаңалықтар

Жаңа жылда қазақстандықтар неше күн демалады?

2026 жылдың басында қазақстандықтарды дәстүрлі Жаңа жылдық мерекелер күтіп тұр. Демалыс күндерінің кестесі жұмыс аптасының түріне – бес күндік немесе алты күндік болуына байланысты қалыптасады.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

30-31 желтоқсан – жұмыс күндері
1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесіне байланысты демалыс күндері
3-4 қаңтар – демалыс
5-6 қаңтар – жұмыс күндері
7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество мерекесіне байланысты демалыс күні

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

30–31 желтоқсан – жұмыс күндері
1-2 қаңтар – мереке күндері
3 қаңтар (сенбі) – жұмыс күні
4 қаңтар (жексенбі) – демалыс
5-6 қаңтар – жұмыс күндері
7 қаңтар (сәрсенбі) – Рождество мерекесі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың желтоқсаны мен 2026 жылдың қаңтарында демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button