Жаңалықтар

Катонқарағайда ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Катонқарағай ауданында 1979 жылы туған Азамат Сматов із-түзсіз жоғалып кетті. Ол 1 қаңтар күні Мойылды ауылындағы шаруа қожалығынан Катонқарағайға жолға шыққан, бірақ әлі күнге дейін оралмаған.

2 қаңтарда бұл туралы полицияға хабар берілді. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Белгілері: көк күрте, қалпақ, қара шалбар, киіз етік киген. Қолында камуфляж түсті рюкзак болған.
Аталған азаматты көрген немесе қандай да бір ақпарат білетіндер полицияға хабарласуды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button