Жаңалықтар

Өскемендіктер Рождество мерекесін атап өтіп жатыр

7 қаңтар Қазақстанда православ христиандары Рождество мерекесін өзіндік сән-салтанатымен атап өтеді. Бүгін Өскемендегі Достық Үйінде де мереке кең көлемде тойланып жатыр.

Мерекелік жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Достық Үйінің шығармашылық ұжымдары, жастар мен қала тұрғындары қатысуда. Іс-шара аясында «Ақ үкі» қоғамының шеберлері дайындаған сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарға фольклорлық және концерттік бағдарламалар ұсынылуда.

Шараның басты мақсаты – славян халықтарының мерекелік дәстүрлеріне құрмет пен сыйластық таныту. Сонымен қатар, этносаралық келісімді нығайту, жастардың санасында дінге толерантты көзқарасты қалыптастыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, Қазақстан – өз аумағында тұратын барлық этностардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарайтын көпұлтты мемлекет. Халықтың бірлігі мен татулығы – еліміздің басты байлығы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button