Жаңалықтар
Атауы өзгертілген көшелерге QR-коды бар тақтайшалар орнатылады — Өскемен

Өскемен қаласы баспасөз қызметінің хабарлауынша, атауы жаңартылған көшелердегі ғимараттарға жаңа мекенжайлық тақтайшалар мамыр–маусым айларында орнатылады.
Бұл жұмыстар мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаннан кейін жүзеге асады.
— Жаңа аншлагтар QR-кодтармен жабдықталады, — деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында ресми түрде 13 көшенің атауы өзгертілген. Алайда бүгінгі күнге дейін олардың тақтайшалары ауыстырылған жоқ.



