Жаңалықтар

Өскеменде 20 жастағы қыздың сөмкесінен 400 грамм есірткі табылды

ШҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «жеңіл ақшаға» құмар болған күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

Тергеу барысында оның есірткіні көтерме түрде тасымалдаумен және жасырын түрде таратумен айналысқан курьер екені белгілі болды.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, есірткі заттарын сату мақсатында сақтау ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған қылмыс үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button