Жаңалықтар

Қазақстан мен Ауғанстан халқының кітап оқу деңгейі бірдей

CEOWORLD журналы 2024 жылғы әлем елдерінің кітап оқу рейтингін жариялады. 102 мемлекетті қамтыған зерттеуде Қазақстан 95-орынға жайғасты. Ел тұрғындары жылына орта есеппен 2,77 кітап оқиды. Яғни бір қазақстандық жыл бойы үш кітапты да толық аяқтамайды.

Орталық Азияда Қазақстан соңғы орындардың бірінде тұр. Аймақ елдері арасында бізден жоғары тұрғандар:
* Тәжікстан – 4,01 кітап
* Қырғызстан – 3,96 кітап
* Түрікменстан – 3,18 кітап

Ал ең аз кітап оқитын мемлекеттер қатарында Ауғанстан (2,56), Бруней (2,59) және Пәкістан (2,66) бар.

Рейтингтің көшін АҚШ (17 кітап) пен Үндістан (16 кітап) бастайды. Сонымен қатар Ресей жылына 11 кітап оқып, ТОП-10 құрамына енген. Бұл көрсеткіш Қазақстаннан төрт есе жоғары.

Қалыптасқан жағдай елдегі оқу мәдениетінің бүгінгі деңгейін көрсетеді және қоғамда кітап оқуды қолдаудың маңызын тағы бір рет айқындап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button