Жаңалықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарғысы бойынша Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Ол Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 2000–2014 жылдары банк саласында қызмет атқарды. Кейін түрлі жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Ұлттық экономика министрлігінде жауапты қызметтерде болды.

2021–2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, ал 2022–2023 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде жұмыс істеді. 2023 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы, 2024 жылы вице-министр қызметін атқарған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button