Басты жаңалықЖаңалықтар

Рамазан айында пітір садақасы қанша болады?

Пітір садақа– бұл Рамазан айының соңында, Ораза айт алдында мұқтаж адамдарға берілетін садақа. Оның негізгі мақсаты – Құдайға шүкірлік ету және кедей-кепшікке көмек көрсету. Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айына арналған пітір садақасының мөлшерін жариялады.

Басқарманың мәлімдеуінше, биылғы пітір садақасының мөлшері 735 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Айта кетейік, садақаны құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

2026 жылғы пітір садақаның бағасы төмендегідей бекітілді:
Бидай 2 кг – 318 теңге.
Ұн 2 кг – 735 теңге.
Арпа 4 кг – 514 теңге.
Мейіз 2 кг – 6400 теңге.
Құрма 4 кг – 12400 теңге.

Пітір садақаны берудің негізгі уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады.

—Бай, ауқатты адамдар садақаны 2 келі мейізбен (6400 теңге) немесе 4 келі құрмамен (12400 теңге) бергені дұрыс. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 4000 теңге болып бекітілді. Бұған шамасы келмегендер оразаның әр күніне пітір садақасының құнын береді, – деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Сансызбай Құрбанұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button