Жаңалықтар
ШҚО-да аяз 36 градусқа дейін жетті

Шығыс Қазақстан облысында күн күрт суытып, кей жерлерде ауа температурасы –36 градусқа дейін төмендеді. Қатты аязға байланысты кейбір аудандарда оқушылар қашықтан оқып жатыр.
Бүгін Алтай ауданында ауа температурасы –28 бен –36 градус аралығында болды. Ал Самар ауданында –30-32 градус аяз тіркелді.



