ШҚО-да «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны өтті

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай 35 мың отбасыға көмек көрсетуді мақсат еткен «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны бастау алды.
Халифа Алтай мешіті республикалық марафонға белсене ат салысты. Игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұрындық болған.
Марафон аясында облыстық өкілдік белсенділік танытып, «Зекет» қоры қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға азық-түлік себетін табыстады.
Қайырымдылық шарасы еліміздің барлық өңірінде бір уақытта ұйымдастырылып, өкілдіктер арасында Zoom платформасы арқылы тікелей эфирде байланыс жасалды.
Рамазан – мейірім мен жанашырлықтың айы. Осындай игі істер арқылы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіліп, оларға қуаныш сыйланды.



