Жаңалықтар

Өскеменде сиыр етін арзан бағада қай жерде алуға болады?

Өскемен тұрғындары үшін жағымды жаңалық — қалада әлеуметтік бағамен сатылатын арзан сиыр еті пайда болды.

Тауар бағаны тұрақтандыру бағдарламасы аясында іске қосылды. Бұл бастама тұрғындардың азық-түлік шығынын азайтуды көздейді.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, етті жеткізуді “Ертіс” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырып жатыр. Ал өнімді ұсынған — өңірге белгілі “Украинка” шаруа қожалығы.

Қазіргі таңда әлеуметтік сиыр еті 1 килограмына 2790 теңге бағасымен Самара тас жолындағы ALLmart фирмалық дүкенінде сатылып жатыр.

Басқарма өкілдері келесі аптада халыққа қолжетімділік артатынын айтты. Нақтырақ айтқанда, тағы бір сауда орны —Қабанбай батыр көшесі 124/1 мекенжайындағы ALLmart дүкені — арзан етті сата бастайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button