Жаңалықтар
Өскеменде өндірістік ангарда өрт шықты

Өскеменде Аврора көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт болды. Жалын жеке тұрған ангар ғимаратынан шыққан.
Өрт сөндірушілер келген кезде ғимарат ішіндегі арнайы техника жанып жатқан. Қызметкерлер құтқарушылар жеткенше сыртқа шығып үлгерген.
Оқиға орнында жарылыс қаупі болған, себебі ангар ішінде газ және оттегі баллондары тұрған. Құтқарушылар оларды дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып, үлкен қауіптің алдын алды.
Өрт 170 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. 1964 және 1972 жылы туған екі қызметкерге оқиға орнында дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жеткізді.



