Жаңалықтар

ШҚО-да жұмыссыздар саны 17 мыңнан асты

Шығыс Қазақстан облысында жұмыссыздар саны 17 755 адамға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың төртінші тоқсаны бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде анықталған.

Былтыр облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құраған.

—Өңірде тіркелген кәсіпорындар саны да азайған. 1 қаңтарға қарай облыста 14 844 заңды тұлға тіркелсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға төмен. Ал шағын бизнес нысандарының саны 11 955-ке жетіп, бір жылда 1,4 пайызға қысқарған,- деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының облыс бойынша департамент басшысы Ерназ Нұрланов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button