Басты жаңалықЖаңалықтар

Алтайда Наурыз мерекесіне орай қандай шаралар өтеді?

Алтай ауданында Наурыз мерекесіне орай бірнеше қызықты байқау ұйымдастырылады. Олардың қатарында «Ең ұзын бұрым», «Заманауи киімдегі ұлттық стиль» және «Наурыз қыз» сайыстары бар.

«Ең ұзын бұрым» байқауына 16 мен 35 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады. Байқау кезінде шаштың ұзындығы өрілген және тарқатылған күйінде өлшенеді. Жасанды немесе қосымша шаш қолдануға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар шаштың күтімі мен ұқыптылығы да бағаланады.

«Заманауи киімдегі ұлттық стиль» байқауы ұлттық киім элементтерін қазіргі сәнмен ұштастыруға арналған. Оған оқушылар, студенттер, дизайнерлер және шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Ал «Наурыз қыз» байқауында қатысушылар ұлттық киімдегі қыз бейнесіндегі қуыршақ жасауы керек. Оны мата, киіз, жіп, қағаз немесе басқа да материалдардан жасауға болады. Бұл сайысқа кез келген жастағы адамдар қатыса алады.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Өтінімдер 16 наурызға дейін қабылданады. Оларды otdel_kult_altai@mail.ru поштасына жіберуге немесе Тәуелсіздік көшесі, 18 мекенжайындағы мәдениет бөліміне апарып тапсыруға болады.

Қосымша ақпаратты 8 (72335) 7-84-15 немесе 8-776-490-43-87 нөмірі арқылы алуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button