Басты жаңалықЖаңалықтар
ШҚО әкімі: Бұл – жарқын болашаққа берілген дауыс

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
—Кез келген саяси науқан ашық өтуі тиіс. Бүгін біз сол ашықтықты көріп тұрмыз. Ел ертеңіне қатысты игі істерге бірі кісідей атсалысу басты міндетіміз. Сондықтан бүгін отбасымыз бірге келіп дауыс бердік. Таңнан бері аймақ тұрғындарының белсенділігін байқап отырмыз. Бұған өте қуаныштымыз. Біз бүгін жарқын болашаққа, бала-шағамыздың ертеңі үшін дауыс бердік, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, аймақ басшысы бүгін Наурызнама онкүндігі бойынша Қайырымдылық күні екенін еске салып, жұртшылықты ізге істердің қасынан табылуға шақырды.



