Жаңалықтар

ШҚО-да жол апатынан үш адам қаза тапты

Кеше Шемонаиха–Усть-Таловка тасжолында екі көлік соқтығысып, үш адам оқиға орнында мерт болды.

Облыстың Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Toyota Corona Premio және Toyota Hilux автокөліктерінің қатысуымен болған.

Соқтығыс салдарынан Toyota Corona Premio жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button