Жаңалықтар
ШҚО-да жабылған жолдар қайта ашыла бастады

Ауа райы қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар ашыла бастады.
Шығыс Қазақстан облысында жолдар біртіндеп ашылып жатыр. ТЖД мәліметінше, сағат 10:00-ден бастап республикалық маңызы бар екі бағытта қозғалыс қайта жанданды: Белоусовка – Риддер және Герасимовка – Абай облысының шекарасы.
Бұған қоса, сағат 08:00-де «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013–1068 шақырымында (Абай облысы шекарасы – Қасым Қайсенов ауылы бұрылысы) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.



