Жаңалықтар

Президент: Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық су ресурстарын пайдалану, Арал және Каспий теңіздеріндегі экологиялық жағдайға ерекше алаңдаушылық білдірді.

– Су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану – еліміз бен аймақтағы өзге де мемлекеттер үшін стратегиялық, тіпті өмірлік маңызы бар басымдық. Ресей Қор жұмысына байқаушы ретінде атсалысса, бұл іске септігін тигізер еді,-деді Мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, елдердің өзара келісімге негізделген бірлескен әрекеттері Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысын тиімді ете алады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің тартылуы экологиялық қана емес, әлеуметтік-экономикалық және саяси салдарға да әкелуі мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты Қазақстан Каспий теңізінің экожүйесін сақтау және теңіздің тартылуын болдырмау мақсатында арнайы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button