Жаңалықтар

Үлкен Нарын ауданында жаңа спорт кешені ашылды

Үлкен Нарын ауданына қарасты Көкбастау ауылында жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.

Жаңа нысанда 270 ауыл тұрғыны, оның ішінде 70 оқушы спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, Үлкен Нарын ауылында дене-шынықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр. Нысанның құрылысы 2021 жылы басталған. Бірақ 2022 жылы мердігер келісімшарт талаптарын орындамауы кесірінен жұмыс тоқтап қалған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының 35 пайызы орындалған. Құрылысты аяқтау мақсатында биыл қыркүйек айында облыстық құрылыс басқармасы мен «Элхон» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазір металл конструкцияларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңа спорт нысанын 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Үлкен Нарын ауданының әкіміне дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын сапалы аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button