Жаңалықтар
Әуежайға кіру ақылы болуы мүмкін–Өскемен

Өскемен әуежайының көлік тұрағына кіру ақылы болуы мүмкін. Қазір әуежай аумағында шлагбаум орнатылып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілерге алғашқы 15 минут тегін тұрақтауға болады. Ал кейін сағат сайын ақы төлеу қарастырылған. Бастапқы тариф сағатына 100 теңге болуы ықтимал.
Төлемді QR-код немесе көлік нөмірі арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, қоғамдық көліктер үшін әуежай аумағына кіру тегін болып қала береді.



